18 Қар 2020
Біз туралы

Біз туралы

№27 «Ақбота» б/б 2016 ж қазан  айының 6 жұлдызында қала әкімінің 1195 қаулысымен күрделі жөндеуден кейін  қайта ашылды. Балабақша Атырау қаласының СМП-136 мөлтек ауданында орналасқан, 9 топ қазақ-орыс тілдерінде жұмыс жасайды. 

Мектеп жасына дейінгі балаларды  тәрбиелеу-қоғам талабы. Өйткені, елімізге Отанын сүйетін білімді моральдық бейнесі жоғары, шығармашылық еңбекке бейім, рухани дүниесі бай, жетілген ұрпақ қажет. Біз үшін әрбір бала-жеке тұлға. Міндетіміз әр баланы жеке тұлғалық , рухани-адамгершілік қасиеттерге ие, өз елін, тілін, жерін сүйетін Отансүйгіштікке тәрбиелеу. 

Осы міндеттерге сүйене отырып, №27 «Ақбота» б/б педагог мамандары ел болашағын тәрбиелеуге атсалысудамыз.

«Біз өзіміздің болашағымызды, және балаларымыздың болашағын қандай күйде көргіміз келеді, осыны айқындап алатын уақыт жетті» деп көрсетілген Елбасы Н.Ә Назарбаевтың 2030 жылға арналған стратегиялық бағдарламасында. Сондықтан еліміздегі ұлттық қоғамды кемелдендіру ел болашағы- жас ұрпақты жаңа инновациялық әдісте рухтық тәлім және білім негіздерімен қаруландырып,қалыптастыру қажет.  Осы орайда балабақша білім берудің бес саласы бойынша жұмыстар атқарып келеді.     

«Денсаулық» білім беру саласы-сәбилерді өз денсаулығына саналы қарауға,қимыл белсенділігін дамыту және дене бітімі қасиеттерін қалыптастыруды көздейді.  “Коммуникация” білім беру саласы айналадағы адамдармен араласуға қабілетті, көптілді тұлғаны тәрбиелеу үшін баланың коммуникативтік дағдыларын дамытады.                                                                                                    

Таным білім беру саласында қоршаған әлеммен  танысып, өзара іс-қимыл үшін қажетті танымдық әрекеттің қарапайым дағдыларын меңгереді. “Шығармашылық”- білім беру саласы -өнер туындыларын қабылдау мен түсінуді дамытады, өзіндік шығармашылық қызметті іске асырады. Әлеумет білім беру саласында еңбек пен шығармашылықтың әр түріне қызығушылықтары қалыптасады, тұрмыста,қоғамда және табиғатта қауіпсіз мінез-құлық негіздерін үйренеді.Балабақшада ашылған уақыттан бастап, ағылшын және би үйірмелері жұмыс жасайды. Үйірменің басты мақсаты-әрбір балаға түбегейлі білім беру, дәстүрлі мәдениеттің негізін үйрете отырып шығармашылық қабілеттерін дамыту.   Үйірме жұмысына қатысу балаға шыдамдылық пен төзімділікті үйретіп,, алдына қойған мақсатына жетуге талпынуға, шеберлікке, еңбек сүйгіштікке тәрбиелейді.                                               

«Бала өмірінде ойынның маңызы зор, ересек адам үшін еңбектің, жұмыстың, қызметтің қандай маңызы болса, бала үшін де ойынның маңызы нақ сондай. Сондықтан келешек қайраткерді тәрбиелеу алдымен ойынан басталады».; Балалар өмірі мен тәрбиесін ұйымдастыруда балабақша тәрбиешілері сюжеттік — рөлді , қимылды, дидактикалық  ойындарды  жиі қолданады.  Балаларды өсімдіктер және жануарлар әлемімен таныстыру арқылы, оларды күтіп-баптаудың жолдарын үйрете отырып, оларды аялай білуге тәрбиелеуде    Табиғатсыз баланы тәрбиелеуді көз алдымызға елестете алмаймыз. Сондықтан да балабақшамыздағы тәрбие ісінің негізгі міндеттерінің бірі - «Балаларды айналамен таныстыра отырып, оларға экологиялық тәрбие беру» болып табылады. Баланы өз туған өлкесінің табиғатын сүюге, оны аялай білуге, оны қорғауға қызығушылығын арттырып, жауапкершілігін күшейтуге, табиғатпен бірге өмір сүретінін сезінуге үйрету мақсат.  Балаларды өсімдіктер және жануарлар әлемімен таныстыру арқылы, оларды күтіп-баптаудың жолдарын үйрете отырып, оларды аялай білуге тәрбиелейміз. Осы мақсатта  балабақша ауласында өсіріліп жатқан көкөністерді өсіріп, күтіп-баптау жұмыстарына  балалалар қызығушылықпен қатысады.      

Мектеп жасына дейінгі баланы толыққанды тәрбиелеу отбасы мен балабақшаның тығыз ынтымақтастығы кезінде ғана мүмкін болады. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деген даналық сөздің мағынасы өте терең.  Бүгінгі таңда болып жатқан  қоғамдағы өзгерістерге байланысты тәрбиешілер мен ата – аналардың бала тәрбиелеудегі жауапкершілігі арта түсуде. Балабақшада отбасымен арадағы  байланысты күшейтіп,  ата-аналарды  ұйымдастырылатын мерекелік, қоғамдық  іс-шараларға  тартудың маңыздылығын көріп отырмыз. . Балабақша  ата-аналары балабақшаны көгалдандыру кезінде ағаш егу жұмысына белсене араласып,  топаралық «Ертегілер елінде» деп аталатын  сайысқа қатысты.                                              

Осының нәтижесінде  ата-аналар тәрбиешінің жұмысымен жақын танысып, оны бағалай біледі, тәрбиешілер мен ата-аналар арасында іскер әріптестік үшін жағымды қарым-қатынас орнады. Ашылғанымызға аз уақыт қана болса да, осындай істерді атқара отырып, алда да  жопарлап отырған атқарар істеріміз мол.

 Жұмыс реттелімі

  • аптасына 5 күн;
  • 10,5 сағат (08.00 ден 18.30 дейін)

Топтар саны: 9, оның  қазақ тілінде-5,  орыс тілінде - 4 топ .

 Тәрбиеленушілерге ұсынылады:

  • Саз залы
  • Дене шынықтыру залы
  • Қазақ тілі кабинеті
  • Ағылшын тілі кабинеті
  • Монтессори  кабинеті
  • Релаксация кабинеті
  • Медициналық блок
  • Кеңес пункті
  • Психолог кабинеті

 

Атауы: Атырау облысы білім беру басқармасының Атырау қаласы білім бөлімінің МКҚК №27 "Ақбота" бөбекжай-бақшасы
Тәрбие беру тілі: Қазақ, Орыс
Түрі: Мемлекеттік
Негізгі құны, айына: 1. 2-3 тобы: күніне 684 тг 2. 3-4 тобы: күніне 784 тг 3. 4-5 тобы: күніне 784 тг 4. 5-6 тобы: күніне 784 тг
Жұмыс тәртібі: бескүндік жұмыс аптасы, 08:00-18:30
Кезекші топ: жоқ
Қосымша жабдықтау: бейнебақылау (қауіпсіздік бойынша)
Телефон: 52-38-18; 50-46-43
Web-сайт: http://yasli-sad27.goroo-atyrau.kz/
Мекен-жай: Атырау қаласы, СМП-136 ықшам ауданы, 8Б үй

ТАӘ: Гулаем Мухтаровна Кошкинова
Лауазымы Директор
Жасы: 59 жас
Санаты: II
Мектепке дейінгі тәрбие бойынша жалпы еңбек өтілі: 35 жас
Басшының жалпы еңбек өтілі:  21 жас

Мектепке дейінгі ұйымның жобалық қуаттылығы: 205 адам

Мектепке дейінгі ұйымның нақты жүктемесі: 217 адам

Балалар топтардың саны: 6


2-3
Топ Тәрбие беру тілі Балалар саны Бос орындар Тип группы
"Балапан" Қазақ 23 0 Қарапайым
"Гномик" Орыс 24 0 Қарапайым

3-4
Топ Тәрбие беру тілі Балалар саны Бос орындар Тип группы
"Күншуақ" Қазақ 22 0 Қарапайым
"Еркем-ай" Орыс 25 0 Қарапайым
"Балдырған" Қазақ 23 0 Қарапайым

4-5
Топ Тәрбие беру тілі Балалар саны Бос орындар Тип группы
"Лучики" Орыс 27 0 Қарапайым
"Жұлдызша" Қазақ 33 0 Қарапайым

5-6
Топ Тәрбие беру тілі Балалар саны Бос орындар Тип группы
"Улыбка" Орыс 23 0 Қарапайым
"Акжелкен" Қазақ 17 0 Қарапайым